WhatsApp

Төлеу, жеткізу және бонустық жүйе

Тапсырысты қалай рәсімдеуге болады

Тапсырыстар демалыс күндерінсіз сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін демалыссыз 8 (775) 007-2995 телефон арқылы немесе prosushi.kz сайтында онлайн қабылданады.

Тапсырысты төлеу

Төлемақы тапсырысты алған кезде қолма-қол ақшамен немесе Kaspi QR арқылы қабылданады. Сайтта жеткізуді рәсімдеген кезде өзіңізге ыңғайлы төлем әдісін көрсете аласыз.

Егер техникалық себептерге байланысты, клиент тапсырыс жеткізілген уақытта тапсырысты төлей алмаса, онда тапсырыс жойылады.

Бонустық жүйе

Біздің бонустарымыз - бұл "ProСуши"-да жеткізу кезінде, клиенттің тапсырысты өзі алып кеткен кезденемесе біздің мекемелерде тапсырыстарды төлеуге мүмкіндік беретін виртуалды валюта (бұл үшін даяшыға телефон нөмірді айту керек).

Тапсырыс жасаған кезде Сізге біздің жүйеде тапсырыс сомасының 5% мөлшерінде бонустар беріледі. Егер тапсырыс бонустармен төленсе, бонустар есептелмейді, не бонустар есептеледі, не бонустармен төленеді.

Тапсырысты бонустармен ішінара да, толығымен де төлеуге болады. Тапсырыс бонустармен төленгенкезде жеткізу тегін. Егер бонустарды пайдаланғаннан кейін тапсырыстың сомасы 6000 ₸-ден аз болса, онда жеткізу құны 600 ₸-болады.

Егер алты ай ішінде тапсырыстар жасалмаса (бонустар пайдаланылмаса), бонустар жойылады.

Кейбір жағдайларда бонустар науқан бойынша есептелген кезде (сыйлық бонустары) бонустармен тапсырыс сомасының тек 50% ғана төлеуге болады. Сыйлық бонустарының да өз мерзімі болуы мүмкін, мерзімі өткеннен кейін пайдаланылмаған сыйлық бонустары жойылады.

Әр чекте жинақталған сома және ағымдағы тапсырыс үшін есептелген сома жазылады. Жинақталған бонустардың санын сайттан немесе мобильді қосымшадан тексеруге болады.

"ProСуши" бонустарды есептеу, жою немесе нөлдеу шарттарын өзгертуге құқылы.

Жеткізу ережелері

6000 ₸-ден басталатын сомаға тапсырыс беру кезінде қала бойынша жеткізу тегін. 6000 ₸ дейінгі тапсырыс беру кезінде - жеткізу құны 600 ₸.

Стандартты жеткізу уақыты 60 минут. Іс жүзінде, жеткізу жылдамырақ болуы мүмкін. Сондай-ақ бізде "60 минут ішінде жеткіземіз немесе суши тегін!" мерзімі жоқ акция бар. Егер тапсырысты қабылдаған сәттен бастап оны жеткізгенге дейін 60 минут немесе одан көп уақыт өткен жағдайда, 2000 теңгеден басталатын кез келген келесі тапсырысыңызға "Рисотеки" сеті сыйға тартылады.

Ақылы жеткізу аймақтарына және стандартты емес ірі тапсырыстарға (15 000 теңгеден бастап) акция қолданылмайды!

Сонымен қатар, сіз тапсырысты мына жерден ала аласыз: Лисаковск қаласы, 4 шағынауданы, 41 үй, "ProСуши" Take Away